«Қазіргі жаһандану заманында ана тіліміздің болашағын жаңа технологияларсыз елестету еш мүмкін емес. Біздің қалауымыздан тыс, балалардың қолындағы гаджет жас ұрпақтың санасын қалыптастыруға кірісті. Баланың бойын билеген контент ойына да «әмір етіп», өз тілін үйренуге «мәжбүрлейді». Күнделікті өмірден көріп жүрген даусыз ақиқат осы. Сондықтан, қазақ тілін жаңа ақпараттық технологиялармен кіріктіру мәселесі аса үлкен маңызға ие»,– деді Мақпал Жұмабай.
Кездесу барысында ақпараттық технологиялар жүйесіндегі ана тіліміздің жәй-күйі сөз болып, болашақта әлемдік платформалардан лайықты орын алуы үшін қоғам болып бірлесе атқарар міндеттер төңірегінде пікір бөлісті.