«Мәселе» айдарында «Биология және зоология саласында жиі қолданылатын кейбір терминдердің қазақ тіліндегі баламалары (таксондық дәрежелер қатары мен дәрежелер атаулары бойынша)» мақала жарық көрген. Бұдан басқа жас ғалым Қ.Қабай қазақ, түрік, орыс тілдерінің негізінде терминнің қалыптасу кезіндегі тілдік менталитеттік көрініс тақырыбында қалам тербейді. Сондай-ақ, экономика саласы терминдерінің өзекті мәселелері сөз болады.
«Көкейтесті» айдарынан «Сөз – халық айнасы», «Тіл және терминология» мақалаларын оқи аласыздар.
Бюллетеннің толық нұсқасымен танысу үшін мына сілтеме бойынша өту керек: https://tilalemi.kz/tartu/one/1216