Түркиядағы бұл жоғары білім ошағы қазіргі әлемдегі түркі тілдерін жіті зерттеп келе жатыр. Соның ішінде қазақ тілі бойынша қандай жұмыстар жүргізіп жатқаны туралы айтып берді.
Орталық өз тарапынан қазақ тілін үйрету бойынша әдістемелік көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Тәжірибеде қолданыста жүрген тіл үйрететін өнімдерді табыстап, әмбебап оқулықты таныстырды.
Ең бастысы, Қажы Байрам Вели университеті ұжымы тарапынан қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс бар. Осы жолдағы қалған шаруа өзара ынтымақтастық аясында бірігіп жүзеге асатын болады.