«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2023» КОНКУРСЫ ӨТТІ

«ТІЛ ЖАНАШЫРЫ-2023» КОНКУРСЫ ӨТТІ

Аталған конкурсқа қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысқан, сондай-ақ оқу және мәдени-ағартушылық бағдарламалардың, ғылыми жұмыстардың, көптеген мақалалар мен жарияланымдардың авторлары мен рухани құндылықтарымызды кейiнгi ұрпаққа үлгі өнеге етіп, мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға елеулі үлес қосып жүрген облысымыздың өңірлерінен тіл мамандары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, жалпы әртүрлі саланың өкілдері қатысты.

Қатысушылардан түскен материалдар мен құжаттарды тіл ғалымдары мен қоғам белсенділері құрамынан тұратын қазылар алқасының құрамы қарастырып, талдап, номинация иелерін анықтады.

Қазылар алқасының қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттауға үлес қосқан Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Таңат Қуанұлы Ахатов «Тіл жанашыры» номинациясымен, Ақсу қалалық «Қазақ тілі» қоғамының хатшысы Гүлнар Көшербайқызы Елгонденова «Тіл майталманы» номинациясымен және Ақтоғай ауданы ЖОБМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұқ Ерболат«Тіл жаршысы»номинациясымен марапатталды.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.


Бөлісу