«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалдарының төрағалары, полиция департаменті, ішкі саясат, қоғамдық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, этнос өкілдері, тіл жанашырлары қатысты.
Ойталқы форматында өтетін семинар-кеңесте «Мазмұндама» қоғамдық қорының төрағасы, Гарвард университетінің түлегі Шыңғыс Мұқан, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай, Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, философия докторы (PhD) Нағима Ақтаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің басқарма басшысы Лаззат Қаби, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Жапонияның Цукуба университетінің координаторы, мемлекеттік тілді жетік меңгерген жапон елінің азаматы Такаши Ниномиян, тіл жанашыры, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гросс Инга, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бөлім басшысы Айгүл Қуаныш мемлекеттік тілді ғылым тіліне айналдыру, тілді цифрландыру, бизнестегі қазақ тілі, тіл саясатындағы жастардың рөлі мен отбасындағы орны, қазақ тілін трендке айналдыру жолдары, әлеуметтік желі және қазақ тілі тақырыбында ұшқыр ой, құнды пікірлерімен бөліссе, мемлекеттік тілді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдері тілді қалай оқып-үйренгендері туралы ойларын ортаға салды.
Семинар-кеңес соңында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов пен Павлодар облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Тауасқан қатысушылар тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауап берді.