Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өзге ұлт өкілдері арасында дәстүрлі өтіп келе жатқан «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауын жариялайды.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған бұл байқауға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда іріктеуден өткен 20 үміткер – мемлекеттік тілді жетік меңгерген, білім беру саласында (балабақша, мектеп, колледж, жоғары оқу орны) қызмет атқаратын 18-35 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысады.
Республикалық кезеңге қатысуға өтінім (әр өңірден 1 адам) тіл саласына жауапты құзіретті органның бірінші басшысының қолымен ережеде көрсетілген үлгі бойынша ұсынылуы тиіс.
Байқау 4 кезеңнен тұрады:
І кезең. «Жұлдызды сәт». Өз өнерін көрсету (берілетін уақыт – 3 минут).
ІІ кезең. «Сөздің көркі». Отан, елге қызмет тақырыптарындағы мақал-мәтелдер айтудан сайыс. Үміткер ұсынылған мақалды жалғастыруы керек (берілетін уақыт – 2 минут).
ІІІ кезең. «Ой ұшқыны». Берілген тақырыпта ой толғау. Үміткер ұяшық таңдап Отан, туған жер, салт-дәстүр, белгілі тұлғалар тақырыптарында сөз саптайды (берілетін уақыт – 3 минут).
IV кезең. Ұшқыр сұрақ, ұтқыр жауап. Берілген сұрақтарға жауап беру. Әр үміткер 15 сұраққа жылдам жауап беруі керек (берілетін уақыт – 1 минут).
Қазылар алқасының бағалау қағидалары:
Байқаудың ережесі және өтінім беру формасы: https://drive.google.com/file/d/1474Dn14V8n7i31l_NqMb93k4AMjV-Zi6/view
Қатысушылардың іссапар шығындары ұйымдастырушылар тарапынан төленеді.
Өтінімдер 2024-жылдің 30 тамызына дейін қабылданады. Байқау өткізілетін уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.
тел: +7 702 976 70 68