«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ  – ТӘУЕЛСІЗДІК СИМВОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-пркактикалық орталығының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіровтың 130-жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» республикалық байқауын өткізді.

Республикалық байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға бағытталды.

Іс-шараға еліміздің 16 өңірінен келген білім беру саласының мамандары болып табылатын қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдері қатысты.

Төрт кезеңнен тұрған байқау барысында қатысушылар қазақ тілінде өздерін таныстырып, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің мерейтойының тақырыбын ашып, қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап берді  және қазақ тілінде мақал-мәтел сайысында бір-біріне дес бермеді.

Қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырларынан, филолог ғалымдардан құралған қазылар алқасы қатысушылардың дайындықтары мен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалай келе, келесідей шешім шығарды:

Бас жүлде: Қарағанды облыстық Ішкі істер басқармасы, «Мәмле» қазақ тілінде тілдесу клубының мұғалімі Горизанов Владислав Владимирович;

І орын: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтбекова Наурызгул Азизбековна;

ІІ орын:Алматы облысы, Қарасай ауданы «Ә. Байсалбаев атындағы орта мектеп» КММ-ның ағылшын пәнінің мұғалімі Бурсалов Камран Муратулы;

ІІІ орын: Қызылорда облысы, Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалім Баркова Наталия Андреевна және Астана қаласы, Төлеген Айбергенов атындағы № 16 мектептің мұғалімі Визнович Виктория Игоревна;

Ынталандыру сыйлығы: Абай облысы, Қарауыл ауылы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ниязова Умут Мамейовна;

Ынталандыру сыйлығы Түркістан облысы, Мұқағали Мақатаев атындағы мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Рахматуллаева Айдын Тахировна;

Ынталандыру сыйлығы Павлодар облысы, Успен ауданы «Балдырған» балалар эстетикалық орталығының әдіскері  Коляда Ольга Сергеевна.

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!


Бөлісу