«КӨКТУ» – ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕЛШІСІ

«КӨКТУ» – ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕЛШІСІ

Түрік қоғамында өзінің орны бар бұл қазақ қауымдастығы халқымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттап, ана тілімізді үйрету бағытында белсенді қызмет жасап келеді. Әрине, бірінші кезекте, оларға тіл үйрететін оқу құралдар табыс етілді. Орталықтың тіл оқыту бойынша мол тәжірибесі бар, әлеуеті үлкен. Осыған орай, қауымдастықпен тығыз байланыста болу үшін өзара меморандум жасалды. Енді осы құжат аясында ана тілімізді үйрету бойынша, әдістемелік көмек көрсету жөнінде нақты жұмыстар атқарылады.

«Көкту» қауымдастығына атамекеннен арнаулы делегация келіп жатыр екен деген ақжолтай хабар алған Димаш Құдайбергеннің талантына табынушылардың Түркиядағы фан-клубының бір топ мүшелері келді. Әңгіме-дүкен қызып, ел туралы, тілді дамыту мәселесі жөнінде жақсы ой-пікірлер ортаға түсті.


Бөлісу