«DIGITAL BRIDGE 2023» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

«DIGITAL BRIDGE 2023» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

«Қазақ тіліне байланысты технологияларды, соның ішінде сөйлеу синтезін әзірлеуге басымдық беріп отырмыз. Сондай-ақ, әлемдік тілдік модельдерде қазақ тілінің сапалы деңгейде қолданылуына атсалысу – басты мақсатымыздың бірі. Ол үшін біз осы бағытта жұмыс істеп жатқан отандық және шетелдік жетекші компаниялармен ынтымақтастық орнатудамыз. Яғни жасанды интеллектінің қазақ тілін толық игеруіне қол жеткізу. Бұл мемлекеттік ұйымдар мен басқа да компаниялардың өз сервистік өнімдеріне қазақ тілін оңай әрі қолжетімді интеграциялауына жол ашады. Әрі тілімізді цифрлық мүмкіндіктер арқылы жаңа сатыға шығаруды көздейміз. Технологиялық шешімдер, яғни жасанды интеллект тіліміздің әлеуетін арттырып, оның қоғамдық өмірдің барлық саласында кеңінен қолданылуына негіз болады. Осы маңызды межені бағындыру үшін отандық IT мамандар мен компьютерлік лингвистерді, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен барлық тіл жанашырларын ортақ іске жұмылуға шақырамыз, – деді Мақпал Құрманжанқызы.



Бөлісу