Тіл-Қазына» орталығының ғылыми қызметкерлері Прага қаласына тәжірибе алмасу іс-сапарына барып келді

Тіл-Қазына» орталығының ғылыми қызметкерлері Прага қаласына тәжірибе алмасу іс-сапарына барып келді

2026 жылғы 22-28 маусым аралығында «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалымдары Чехияның Прага қаласындағы 677 жылдық тарихы бар Карлов университетіне біліктілікті арттыру және тәжірибе алмасу іс-сапарына барып келді.

Бір апталық біліктілікті арттыру семинарының нәтижесінде орталықтың ғылыми қызметкерлері мен мамандары ұлттық тіл корпустарын дамытудың тиімді тетіктерімен танысты, терминдерді автоматты жүйелерде өңдеу және игерудің тиімді жолдары мен бағыттары бойынша тәжірибе алмасты, сондай-ақ тіл корпустарын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін зерделеді.

Сонымен қатар, іс-сапар аясында «Тіл-Қазына» орталығының ғалымдары Абай институтының Прагадағы А1 тобының қазақ тілі сабағына қатысып, оқу құралдарын табыс етті. Сабақ барысында орталықтың ғылыми қызметкерлері София Қажиақпарқызы және Нұрзия Әбдікәрімқызы шетелдегі қазақ тілі сабағының оқыту жүйесі мен әдістемесін зерттеп, өз пікірлерлерімен бөлісті. Ал оқушылар сабақта белсенділік танытып, өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды. 

Бөлісу