В2 деңгейі. Психологты тыңдаңыз

В2 деңгейі. Психологты тыңдаңыз

    Ернұр Төлеуұлы, психолог:

  - Біз адамдардың қарны ашқаны мен эмоцияны жиі шатастыратынын байқаймыз. Көп жағдайда адам қарны ашқандықтан емес, уайымдағасын немесе шаршағасын тамақ жей бастайды. Мұны "эмоционалды аштық" деп атаймыз. Күйзелген адам тәтті тағамдарды көп жей бастайды. Бірақ шоколад жегесін біраздан кейін өзін кінәлі сезініп, тағы да мазасыз күйге түседі. Сондықтан мен адамдарға тамақ ішкен кезде ойлануға кеңес беремін. Телефон қарап отырып та тамақ ішуге болмайды. Адам тойғанын байқамай қалады. Тамақты барынша шайнап, асықпай жеу қажет. Шайнағасын ми тойғанын түсінеді. Егер осыны дағдыға айналдырса, адам психикасы біршама реттеледі. 

Бөлісу