Айгерім Қалиқызы, диетолог:
- Соңғы жылдары дұрыс тамақтану тек дене саулығына емес, психикалық саулыққа да тікелей әсер ететіні дәлелденіп жатыр. Мысалы, адамдар майлы, ауыр тағамдарды көп жеген соң ұйқышылдық пайда болып, жалқауланып кетеді. Тойып алған соң көпшілігі енжар күйге түсетінін байқайды. Бұл ағзаның ас қорытуға көп энергия жұмсауынан болады. Сол себепті мен адамдарға күн тәртібімен тамақтанып, ауыр кешкі астан бас тартуға кеңес беремін. Таңғы ас ішпей шыққасын, кей адамдарда мазасыздық пайда болады. Қарны ашқасын миға оттегі мен глюкоза жетпейді. Ал су ішсеңіз, сергектік пайда болады. Сондықтан су ішіңіз, салауатты өмір салтын сақтаңыз!