В2 деңгейі. Диалог. Тыңдаңыз

В2 деңгейі. Диалог. Тыңдаңыз

Айбек: Бүгінгі бизнес-форумнан көп мағлұмат алдым. Форумнан көп мүмкіндік туралы білдім.

Сымбат: Иә, мен де. Әсіресе жас кәсіпкерлер үшін бұл өте маңызды. Мұндай форумдар іскерлік байланыс орнатуға, тіпті серіктестік құруға мүмкіндік береді. 

Айбек: Дұрыс айтасың. Мен бір қауымдастық өкілдерімен таныстым. Нарықта беделді компания екен. Болашақта бірлесіп жұмыс істеуіміз мүмкін. 

Сымбат: Керемет екен! Бірақ кез келген жобада кедергілер болуы мүмкін. Соған дайын болу керек. 

Айбек: Иә, әсіресе ауқымды жобаларда. Дұрыс үйлестіру арқылы кез келген мәселені шешуге болады деп ойлаймын. 

Сымбат: Жақсы ой. 

Айбек: Бірнеше стартап иесімен сөйлестім. Олар өздерінің табыс көзі, нарыққа шығу жолдары туралы көп нәрсе айтты. Айтпақшы, сен қазіргі нарық жағдайы туралы не ойлайсың?

Сымбат: Нарық үнемі өзгеріп тұрады. Сондықтан кәсіпті соған сай бейімдеу маңызды. Ал көпшілік алдындағы презентацияң маған қатты ұнады. 

Айбек: Рақмет, Сымбат! Келесі форумда тағы жүздесеміз деп үміттенемін! 

Бөлісу