В2 деңгейі. Мәтін. Той дәстүрі туралы. Тыңдаңыз

В2 деңгейі. Мәтін. Той дәстүрі туралы. Тыңдаңыз

   Негізі жыл сайын тойда өзгерістер бола береді. Дәстүр қалай өзгерсе, той да солай өзгеріп келеді. Тойды сыртқы факторлар да, яғни, тарих, саяси режім, экономика өзгертіп жатыр. Саяси режім келсек, Қазан төңкерісіне дейін біздің дәстүрлі тойларымыз болса, Қазан төңкерісінен соң кеңес үкіметі қалыңмал төлеуге, көп әйел алуға тыйым салды. 

    Бірақ бұл тойға қатты әсер ете қоймады. Халық оны жасырын жасады. Мысалы, Кеңес одағы қалыңмалға тыйым салғанымен, оның аты өзгеріп, қоржын апару деген пайда болды. Ал қазіргі тойлар 2007 жылдан кейін пайда бола бастады. Тойды жасау орны өзгерді. Үйде жасалатын тойлар мейрамханаларда жасала бастады. Осыдан соң жаппай тұтыну басталды. Үлкен мейрамханада той жасау, көп тамақ ұсыну, сыйлықтың түр-түрінің пайда болуы нарық экономикасына көшумен байланысты. Одан соң үлкен өзгерістер пандемия кезінде болды, жұрт карантинде жасырын тойлады. Халық беташарды қарапайым етіп жасай бастады. Қыз ұзату жасамай қойсақ деген келісім де болды. Бұған қоса, медианың әсері, инстаграмның пайда болуы, қалыңдық көйлегінің сәнді болуы да тойға көп өзгеріс әкелді. Мысалы, жұрт инстаграмнан той үстелінің қалай жасалатынын көріп, соған сай үстелді жабдықтай бастады. 90-жылдары палаткада өтетін тойда көбі қолдан пісірілген тәттілер, салаттар болса, қазір той дастарқаны молайған. Бұған қоса, тойбастар да өзгерді, өзгере береді. Себебі нарықта қандай тауарлар пайда болса, соған қарай тойбастар да өзгереді. 

Бөлісу