Әр адамның өз арманы болады. Сол армандардың бірі – жайлы, жылы, тыныш үй. Менің де бала кезден армандап жүрген үйім бар. Ол – мен үшін тек тұрғылықты жер ғана емес, бақытты өмір сүретін жер. Менің арманымдағы үй – табиғат аясында, ауасы таза жерде орналасқан. Терезесінен күн сәулесі түсіп тұруы керек. Үй кең, жарық, іші жайлы әрі заманауи үлгіде жабдықталған болса деймін. Әр бөлмеде отбасы мүшелерінің талғамына сай жиһаздар болады. Қонақ бөлмесі ашық түстермен боялған, онда үлкен кітап сөресі болады. Үйдің сыртында шағын бақша болса деймін. Онда жеміс ағаштары, гүлдер өсіп тұрса, кешке қарай сол бақта отбасы болып шай ішіп, әңгіме-дүкен құрып отырсақ. Арманымдағы үй – жай ғана құрылыс нысаны емес. Онда күлкі мен шаттық, достық пен түсіністік болуы міндетті.