Қазақ халқының ерекше дәстүрлерінің бірі - Көрісу күні. Жыл сайын 14 наурызда туыстар мен көршілер бір-бірлерінің үйіне кіріп "Бір жасыңмен!", "Жаңа жылыңмен!", - дейді. Бұл дәстүр әсіресе еліміздің батыс өңірінде жақсы сақталған. Алыстағы достарымен, туыстарымен кездеседі. Осы күні жақсы тілек айтылады. Дастарқан жайылады. Көрісу адамдардың сыйластығын арттырады.
Шындығында, көрісу күні - қазақ халқының керемет дәстүрлерінің бірі. Бұл - жақын болуға, бір-бірін сыйлауға көмектесетін күн. Дәурен де бұл күні алыстағы ағайынмен көріскенше асықты. Дүкенге кіріп сыйлық алып, нағашыларының үйіне барды. Дәурен келгенше біраз адамдар жиналып қалыпты. Бәрімен амандасқан соң ішке кірді.