В1 деңгейі. Мәтін. Дәуреннің достары. Тыңдаңыз.

В1 деңгейі. Мәтін. Дәуреннің достары. Тыңдаңыз.

     Өткен аптада Дәуренге бірге оқыған достары хабарласты. Олар Алматыға келетінін айтты. Көптен көрмеген достарының келетініне Дәурен қатты қуанды. Бірден жоспар құрды. Қаладағы қоғамдық орындардың тізімін жазды. Бірінші күні оларды ботаникалық саябаққа апаратын болды. Кейін қаладағы ұлттық мұражайларды көрсетеді. Қала сыртына шығып, демалуды да жоспарлап отыр. 

     Бүгін Дәурен үшін ерекше күн. Достарының қонаққа келетін күні. Бұл күнді Дәурен қатты күтті. Көптен күткен қонақтары да келді. Дәурен үйіне дастарқан жайып күтіп алды. Үстелге тіскебасардың түр-түрі қойылды. Артынан халқымыздың дәстүрімен табақ тартты. Ас соңында бата қайырды. Достарымен қызықты оқиғаларды еске түсірді. Арғын домбырамен ән салды. Бәрі әнге қосылды, би биледі. Кешке қарай орталық саябаққа келді. Түн ортасына дейін ән салып, ойын ойнады. Түрлі тақырыпта әңгіме айтылды. Кездесу өте қызықты өтті. 

Бөлісу