В1 деңгейі. Мәтін. Азық-түлік дүкені. Тыңдаңыз

В1 деңгейі. Мәтін. Азық-түлік дүкені. Тыңдаңыз

    Күн - жексенбі. Дәурен азық-түлік дүкеніне келді. Қолындағы тізім бойынша керек заттарын іздей бастады. Жаңғақ, уылдырық, қызанақ, асқабақтан гөрі сиыр етін алғанды жөн көрді. Тауар бағасы көтерілгенін бірден байқаған Дәурен қалтасындағы ақшасын есептеп көрді. Қалтасындағы ақшасы барлық затқа жетпейтінін сезді де қымбатынан гөрі арзанын аламын деп шешті. 

   Дүкен аралап келе жатып қызық оқиғаға кездесті. Орталықта сусындар сатылымы болып жатыр екен. Егер сусынның екеуін алсаң, ойынға қатысуға болады. Сусын алғаннан гөрі тамақ алғаным дұрыс қой деп бір ойлады да қызығып кетті, ойынға қатысу үшін сусындарды сатып алды да ойын алаңына келді. Билетті қолына алып еді, "ұтыс" деген жазуы бар екен. Жүргізуші жеңімпаз атын айтқанда Дәурен сене алмады. Касса жанына келгенде жиырма мыңдық сертификатты қолына ұстатты. Қатты қуанған Дәурен дүкендегі көкөніс сататын орынға келіп, алма, алмұрт, мандарин алды. Осылайша Дәурен үйіне олжамен оралды. 

Бөлісу