В1 деңгейі. Мәтін. Таңғы асты дайындау. Тыңдаңыз

В1 деңгейі. Мәтін. Таңғы асты дайындау. Тыңдаңыз

    Дәурен таңертең ерте тұрды. Таңғы жаттығуын жасап, жуындı. Ата-анасы ұйқыдан тұрғанша, таңғы ас дайындап қоюды ойлады. Ойлана келе, интернеттегі аспаздардың кеңесін тыңдады. Интернеттен дәмді құймақ дайындау туралы ақпарат іздеді. Өзіне ұнағанын алып, құрамына қажетті заттарды үстелге қойды.         

    Дәурен құймақ дайындауды бастады. Екі жұмыртқаны жарып, ыдысқа салды. Үстіне екі ас қасық қант пен қаймақ, екі жүз грамм қатықты құйды да, електен өткізіп ұн салды. Барлығын араластырып қою массаны табаға пісірді. Құймақтар да дайын болған шығар деп әдемі ыдысқа салып үстелдің үстіне қойды. Енді таңғы ботқаны дайындауға кірісті. Ботқа дайын болған соң шәйнегін токқа қосты.

    Ата-анасы ас бөлмесіне кіргенде ұлының жасаған тамағын көріп, қуанып қалды. Дәуреннің пісірген құймағы өте дәмді шығыпты. Бәрі ерекше көңіл-күймен таңғы астарын ішті.

Бөлісу