1. «Қоныстой» дәстүрі бойынша жаңа пәтерге немесе үйге көшкенде арнайы «қоныстой» жасап, мал шалу, дастарқан жаю дәстүрі бар. Бұл жақсылық тілеу, пәле-жаладан сақтану, береке тілеу мақсатында жасалады. Кей өңірлерде құрбан шалмаса да, тәтті тағам таратып, көршілерді дәмге шақырады.
2. Кей отбасылар жаңа пәтерге алғаш кіргенде нан мен тұз алып кіреді. Ырым бойынша бұл – үйге ырыс пен береке алып келеді, «аш қалмайық» деген тілек.
3. «От жағу» ескі дәстүрі бойынша жаңа үйге кіргенде от (немесе шырақ) жағу өмірдің бастамасы ретінде қаралған.
4. Кей өңірлерде жаңа үйге кірерде алдымен мысық жіберу дәстүрі кездеседі. Бұл көне түркі, славян, моңғол халықтарында да бар. Мысық теріс энергияны сезеді.
5. «Үйді аластау» дәстүрі. Жаңа пәтерге көшкенде үйді шөппен, тұзбен немесе аршамен аластау – жын-шайтаннан, жамандықтан тазару ырымымен байланысты. Қазір бұл дәстүр хош иісті шырақ, тұмар, дұға оқу арқылы жалғасып келеді.