В1 деңгейі. Мотивациялық хат. Тыңдаңыз

В1 деңгейі. Мотивациялық хат. Тыңдаңыз

     Мен, Айнұр Болатқызы, ақпараттық технологиялар саласының жас маманымын. Осы саладағы білімімді тереңдетіп, тәжірибемді арттыру мақсатында сіздің ұйымыңызда жұмыс істегім келеді. Университетте оқығанда алған білімім мен тәжірибем маған жауапкершілік пен тәртіптің маңызын түсінуге көмектесті. Бүгінде цифрлық индустрияда беделді компанияда жұмыс істеу – менің басты мақсатым. Осыған орай мен ұсынған құжаттарда менің кәсіби тәжірибем мен дағдыларымды көрсететін маңызды мәліметтер көрсетілген. Сонымен қатар түрлі жобаларға қатысу барысында басшылық тарапынан жоғары баға алғаным – еңбегімнің дәлелі.

    Мен үшін ұйым ішіндегі тәртіп пен құндылықтарды ескеру, командалық жұмысқа бейімделу және кәсіби өсу мүмкіндігі маңызды. Жұмыс барысында құпия ақпаратпен дұрыс жұмыс істей білу де - менің ұстанымым. Себебі сенім – кез келген кәсіби қатынастың негізі. Сіздің ұйымыңызда жұмыс істеу мен үшін үлкен жауапкершілік пен мүмкіндік. Мұндай ортада мен үміткер ретінде ғана емес, белсенді, білімді, іскер қызметкер ретінде де өзімді көрсеткім келеді. Мүмкіндік берілгенде ғана мен ұйым дамуына нақты үлес қосатынымды дәлелдей аламын. Осындай мүмкіндік әрбір жас маманға қажет.

Бөлісу