Жұмат Шанин атындағы қалалық академиялық қазақ драма театры

Еліміздің ең ескі театрларының бірі атақты режиссер, драматург, қазақ кәсіби театр өнерінің негізін қалаушысыларының бірі Жұмат Шанин атымен аталған. 2014 жылы театр үш қабатты, классикалық және заманауи стильдер үйлестігінде салынған, алды төрт колоннамен сәнделген ғимаратқа көшті. Театр аумағында қала тұрғындары мен қонақтары арасында танымал сквер құрылған.  

500 адамға арналған театр ғимараты барлық халықаралық талаптарға сәйкес. Сахнасының биіктігі 30 метр. Театр репертуарында 42 спектакль бар, оның арасында 10 балалар мен жасөспірімдерге арналған.



Бөлісу