Жошы хан кесенесі
XIII ғасырдың бірінші жартысында жатқызылады (ғалымдардың қортындысы
бойынша кесененің тұрғылыған уақытын XV-XVI ғасыр). Сәулет ескерткіші.
Жергілікті халық арасында дәл осы маңда 1227 жылы аң аулап жүріп,
Шыңғыс ханның ұлы, Батый ханның әкесі, бүкіл қазақ хандарының атасы
Жошы хан қайтыс болған деген аңыз сақталған. Осы жерде ХІІІ ғасырда
Жошы хан мен оның балаларының ордасы орналасқан. 1982 жылы
республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізіміне
енгізілді және мемлекет қорғауына алынды. Жошы ханның кесенесі Хафиз
Таныштың (XVI ғасыр) еңбектерінде алғаш рет айтылды. Орталық Қазақстан
археологиялық экспедиясы 1946, 1973, 1998 жылдары зерттеген. 1998-2000,
2006, 2011 және 2016 жылдары қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Кесене Қазақстанның ескерткіш монетасының 500 теңгелік номиналында
бейнеленген. Қорымның қасында «Жошы Ордасы», «Орда-Базар» деп
аталатын Жошы ордасының қираған үйінділері бар.
