Ана аяғы ауыр болып, 2 - 3 ай өткен соң бірер нәрсеге жерік болғанда беріліп тұратын дәм-тұз жерік ас деп аталады. Жүкті болған келіннің енесі ауыл әйелдерін шақырып қонақ етеді.Олар өз үйлерінен бір-бір дәм пісіріп әкеледі.Оның себебі – келінің жерік болып жүрген асын тауып беру.Жерік ас туралы әңгіме қазақ ертегілерінде кездесіп отырады. Мысалы, «Ер Төстік» деген ертегіде оның шешесі керегеде ілулі тұрған төске жерік болыпты, бала туылған күні ата-анасы баланың атын Төстік қойыпты, кейін Ер Төстік атаныпты.