Ұлтабар - жаңадан сойылған қойдың қарыншасы, «табиғи қолғап» болғандықтан, анаға да, балаға да зияны тимеген. Сол кезде қазақтың «Жарыс қазан» ырымын жасаған. Келін толғатқан заматта әйелдер қазанға ас салған. «Қазан қайнағанша бала дүниеге келсін», «толғағы жеңіл болсын» деп қазан мен толғақты жарыстырған. Әйелдер босанар сәтте, басқа әйелдер қазанға жеңіл-желпі тамақ істеп, оны босанатын әйелден бұрын пісірмек болып «жарысады».
Халық ұғымы бойынша туатын бала жарысқазанға қатысып, одан бұрын өмірге келуге тырысады деп түсінген.