«Зәру» пантымен емдеу орталығы

      Батыс Қазақстанда теңдесі жоқ «Зәру» пантымен емдеу орталығы Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданында орналасқан.

        Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 1500 шаршы метрді құрайды. Келушілерді орналастыру үшін 27 нөмір бар, оның ішінде: 21 «стандарт» класс нөмірі, 4 «люкс» класс нөмірі және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін 2 нөмір. Спорт залы, қысқы бақ, серуендеуге арналған орман аймағы бар.

       Жобаны іске асырудың басты әсері – бұл емдеу-сауықтыру туризмі мен медициналық кластерді дамыту. Кәсіпорын адам ағзасына сергіткіш құрал ретінде күрделі және көп қырлы әсер ететін пантымен емдеу қызметін көрсетеді. Сондай-ақ марал шаруашылығы өнімдері иммундық, жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесі ауруларының алдын алу және емдеу үшін қолданылады. Сонымен қатар, әртүрлі дәрілік шөптер негізінде фито-емдеу қызметтері ұсынылады.



Бөлісу