Жанкент (Янгикент) қалашығы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауында, Қазалыдан оңтүстік-батысқа қарай 7 км жерде, Өркендеу ауылының маңында орналасқан. Бұл Жанкент қалашығы, С.П.Толстовтың пікірі бойынша, «батпақты қалашықтар» (X-X1V ғ. ғ.) деп аталатын мәдениеттің жалғасы болып табылды. Сол уақыттан бастап оларды мекен етушілер түркі тайпалары - оғыздар болған.
Қалашық өлшемі 375х225м болатын тікбұрыш пішінді. Солтүстік-батыс бұрышында өлшемі 100х100м және биіктігі 7-8 метр болатын қамал орналасқан.
Бүгінгі таңда ол археологтар зерттеп жатқан, Сырдария сағаларындағы орта ғасыр дәуірінің жалғыз ірі ескерткіші.