Импактты метеориттік кратер Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан бірегей-табиғи ғарыштық объект.
Кратердің шеңберлі ойпаты мен үш жағынан қоршалған сақина тәріздес біліктері бар. Кратердің жасы шамамен 1 млн.жыл. Кратер диаметрі 200-ден 400 метрге дейінгі метеориттің жерге құлауы нәтижесіндегі жарылыстан пайда болған.
Жаманшың метеориттік кратері – Жер шарындағы бірегей керемет орын. Бұл Ғарыш пен Жердің жанасқан аумағы. Жерге құлайтын ғарыш объектілері көбіне атмосфера қабатында жанып кетеді. Бірақ кейде атмосфераны жарып өтіп, жерге дейін жететін метеориттер де бар. Кейбір сондай метеориттер миллиондаған жылдар жерде жатады.
Объекттің ғарыштық шығу тегі оның осыдан миллион жыл бұрын жерде де, ғарышта да кездеспейтіндігін растайды. Кратердің бетінде өте көп ерекше шынылар-тектиттер кездеседі. Оларды иргизиттер деп атайды. Жарылыс кезінде буланған заттар пішінделген, қатқан және мұздалған мөлдір тамшылармен жерге жаңбырша жауған. Жаманшың аймағындағы геологиялық жұмыстардың нәтижесінде ерекше әйнек түрлері кеуектас, қара түсті шлактар табылды. Бұларды жаманшиниттер деп атайды.
Жаманшың – ғажайып орын. 250 млн. жыл бұрын кратердің орнында үлкен теңіз болған деген болжам бар. Бұл жерден ежелгі акуланың тістерін, белемниттердің (теңіз моллюскаларының) іздерін анықтауға болады.