Хан Тәңірі- Қазақстандағы ең биік шың. Қырғыз, Қытай, Қазақстан Республикалары шекараларының түйіскен жерінде жатыр. Бір деректерде биіктігі 6995м десе, екінші бір деректерде 7010 м деп көрсетілген. Орталық Тянь-Шаньның Тенгри-Таг жотасының шығысында орналасқан, төртқырлы пирамида тәрізді биік те әдемі шың. Таудың солтүстік-батыс бөлігі Алматы облысына қарайды. Шыңға Оңтүстік және Солтүстік Инылчек мұздықтары арқылы көтерілуге болады. Шыңның солтүстік беткейі тік құлама құз болғандықтан мұз қату, мұз басу болмайды. Хан Тәңірін бірінші рет сипаттап жазғандар П.Семенов пен Семенов-Тян-Шанскийлер. Шыңға оннан аса маршруттар жасалып, бір маусымда 2000-ға жуық альпинистер мен тау туристерін қабылдай алатын халықаралық «Хан Тәңірі» альпинистік лагері жұмыс істейді. Облыстық әкімгершілік пен ЦСКА алып клубы ұйымдастыруымен ХАЛ базасында Халықаралық олипиадалар өтіп тұрады.