Сәбиді қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Сол жіппен баланың аяғын кәдімгідей тұсап, аяғын жылдам басатын әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарга кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап тез жүгіртеді, шашу шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушінің кәдесін береді.
Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқа ағаштай емес йілмелі морт сынбайды, күрт түспейді, жат иісі болмайды. Бесіктің мынадай құрал-жабдықтары болады: жастық, мамық, жөргек, түбек, шүмек, қолбау т.б.