Кішкене қыз бала есейіп, құлағын тесіп, сырға салғанда жасалатын той. Халқымыз "Қызымыз сырғалы, қыз санатты болсын" деп құлағын тестіріп сырға салатын болған. Қыздың басына үкілі тақия кигізеді. Осыдан бастап қыздар өзін басқаша сезінген. "Қызға қырық үйден тыю" деген ұғым бар. Ол осы "сырға тағу" рәсімінен кейін басталады.