Сүндет той

Сүндеттеу бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ең бірінші Ыбырайым пайғамбар мен оның ұрпақтарын сүндеттелген және сүндетке отырғызу Құдайдың берген өсиеті болған. Қазақ халқында бұл салт-дәстүрге айналган. Халықтың түсінігі бойынша,сүндетке отырғызудың мақсаты бала ер жетіп, азамат болды дегенді білдіреді.

Қазіргі күні қазақ халқы осы салтты "Сүндет той" деп атап, көп жерде үлкен той жасайды. Сүндетке отырғызылған балаға тай мінгізіп, келген қонақтары сыйлықтар сыйлайды. Бұрынырақта атқа жабу жауып, ашамай салып, сүндетке отығызылатын баланы отырғызып, алдына қоржын іліп, туған-туыстарын тойға шақыртуға шығарған.

Бөлісу