Сүйінші

Қазақ халқы қай уақытта да ананың баланы дүниеге әкелуіне үлкен мән беріп, ата-баба дәстүрін, ырымдарды қолдана отырып жеңіл босануына ықпал еткен. Жақсылық хабарды жеткізушілер «атұстар», «құрықұстар келді» деп - ұл баланың, «шай қайнатарың келді, үкіңді дайында» деп қыз баланың дүниеге келгенін жеткізіп, бір-бірінен сүйінші сұрасқан.

Бала дүниеге келісімен анасының бауырына салады. Анада аналық сезімі баласын емізген кезде пайда болады. Алғаш сәбиін қолына алып, омырауын тосқан ананың алпыс екі тамыры шымырлап, өзгеше бір сезімге бөленеді.

Бөлісу