Шірік-Рабат қалашығы - б.з. дейінгі ІV-II ғғ.

Шірік-Рабат қалашығы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

Шірік-Рабат қалашығы сексеуіл қалың болып басып қалған, Жаңадария өзенінің ежелгі арнасының жағалауында орналасқан. Қалашықтың жоспары ұзындығы 850 м-ге тең, ені шамамен 600 м болатын белестің сопақша кескініне сәйкес келеді. Қалашықтың ауданында зерттеу жүргізу барысында бірнеше әр кезеңге жататын бекініс белдеулерінің іздері анықталған. Ең үлкен алаң (42,16 га) жоспарында сопақ болып келетін және екі бекініс белбеуімен қоршалған көне қалашыққа тиесілі. Ескерткіштің орталық бөлігінде тікбұрыш іспетті бекініс орналасқан (12,4 га), ол да сол уақытқа жататын болса керек, оны ежелгі қаланың қамалы ретінде қарастыруға болады. Ежелгі қала ауданының оңтүстік жартысын (шамамен 20га) әлдеқайда кейінірек жасалған қоныстың қабырғасы бөліп тұр, оның бекіністері толығырақ сақталған. Қалашық ені 40 м, тереңдігі (бекініс қабырғаларының негіздеріне дейін) 4,5 м болатын ормен қоршалған.



Бөлісу