Шілдехана күзету

Халқымыз ұрпақ көруді ерекше бақыт санаған, ол жалғыз ата-ананың қуанышы ғана емес, бүкіл ауыл-аймақтың қуанышы есептелген, баланы өмірдің жалғасы деп түсінген. Нәресте дүниеге келген күні «баланың бауы берік болсын» айтып бір түн күзетіп, жиылған ел-жұрт ән салып, өлең айтып, домбыра шертіп, үлкен мереке өткізіп, «Шілдехана» күзететін болған. Түрлі ойын-сауық өткізіліп, әркім әл-ауқатына қарай «шілдехана» күзету ырымын 2 -3 күнге жалғастыратын.

«Бала туылғанда» деген өлеңде:

Қуаныштан жан жүрегім қақ жарылып

Қасырет басымдағы қалды арылып.

Ұл көріп, ұлы дүбір той жасаймын,

Атқан соң маңдайымнан таң жарылып, -дейтін халық өлеңі міне осының айғағы.

Бөлісу