Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті

Ашылған уақыты: 2008 жыл.

Сыйымдылығы – 2000 адам. Мешіттiң жер учаскесінің жалпы алаңы – 5,257 шаршы м., мешіттің жалпы ауданы – 3158 шаршы м., Үлкен залдың жалпы көлемі – 693,6 шаршы м., үлкен залдағы хрусталь люстраның 360 шамы бар.

Мешіт үлкен алты залдан тұрады: негізгі зал, бес уақыт намаз оқитын зал, әйелдер залы және Құран жаттау орталығы, қолөнер орталығы, кітапхана. Сонымен қатар мешітте 4 дәріс сыныбы, Құран оқыту, неке қидыру және 6 қызметкерлер бөлмелері, «діни кеңес беру», «Зекет қоры», «Қажылық» орталықтары бар. Имандылық үйінің ішкі қабырғаларындағы өрнектер Құран сүрелері мен аяттары. Мешiттiң төрт мұнарасы бар. Алдыңғы 2 мұнараларының биіктігі-37 метр, қалған 2 мұнарасы -22 метр. Үлкен күмбездің диаметрі – 20 метр, қалған төрт кіші күмбездердің биіктігі – 27 метр. Мешіт ауласында 500 адамға лайықталған ас беруге арналған асхана, 50-ден аса адамға арналған ерлер мен әйелдер дәретханасы бар.


Бөлісу