Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақ Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан ең әдемі орындардың бірі. Қарапайым күдері саябақ атмосферасы таза ауа, жайлылық, және кеңістігімен адамдарды еліктіреді. Ал мерекелік күндері көтеріңкі көңіл-күймен белсенді демалыстың орталығына айналады. Саябақ көлемі 42 га құрайды. Ал 2010 жылы саябақ қайта жөндеуден өткізілді. Жөндеу кезінде саябақта көптеген ағаштар отырғызылып таңғажайып өсімдік түрлерімен гүлдерге толды. Одан бөлек саябақ орталығында Қазақстандағы ең биік жалауша (91 м.) орналасқан және 7 500 шаршы метр аумаққа қайықтар бекетімен жасанды тоған, жаяу жүргіншілер өткелі жасалынған. Саябақтағы орталық және барлығына сүйікті орын 17 метр диаметрі бар фонтан болып табылады. Оның ағындары әсем жарық сәулелерінде жарқыраған, музыканың дыбысына тамаша әсер етеді.