Қорқыт ата мемориалдық кешені
Қорқыт ата мемориалдық кешені Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының Жосалы кентінен солтүстік-батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Қорқыт ата ескерткіші – сәулет өнерінің айрықша үлгісі. Кешеннің құрылысы 1980 жылы басталды. 1997 жылы реставрациялық жұмыстар жүргізілді. Сәулет ансамблі амфитеатрмен, қонақүймен және басқа да нысандармен толықтырылып, мемориалдық кешенге айналды.
Стела қобызға ұқсайтын төрт элементтен тұрады. Стелалардың биіктігі – 12,1 метр, ені – 5,3 метр. Әрбір стеллаға жылтыратылған қордайлық гранит жапсырылған. Әрбір стела әр тарапқа қарап тұрады. Олар түйіскен жерде 40 металл түтіктен тұратын орган орналасқан. Жел соққанда ол қобыз үніне ұқсайтын дыбыс шығарады.