Қазақстан халықтарының бірлігі монументі

Қазақстан халықтарының бірлігі монументі


Еуразия көшпенділерінің тарихында Ұлытау өлкесі әрқашан ерекше қасиетті орынға ие болған, көптеген адамдар үшін бұл орындар көшпелі өркениеттің эпицентрі болып табылады. Кесенелердің, жартасқа салынған суреттердің, үңгірлердің, ежелгі қалашықтардың, тарихи және аңызға айналған тарихтардың, әртүрлі ғибадат орындарының шоғыры Ұлытаудың Сарыарқаның және жалпы қазақ жерінің орталығы болып саналатындығына дәлел бола алады. Ұлытау хандардың ақ киізге көтерген жері болды, мұнда ежелден қазақ билеушілерінің ордасы болған. Ұлытау таулары Қазақстанның географиялық орталығында орналасқан. Бүгінде Ұлытаудың ел тарихындағы рөлін мәңгі есте қалдыру үшін Ұлытау ауылы мен тауларының жанында Қазақстан халықтарының бірлігі монументі тұрғызылды.


Бөлісу