«Қазақ халқына мың алғыс» стелласы

«Қазақ халқына мың алғыс» стелласы 2017 жылы ашылды. Әбілқайыр хан даңғылындағы «Нұрғасыр» мешітінің аумағында орналасқан ескерткіштің ашылу салтанатына 7000 адам қатысты. Стелла Қазақстан халқының бірлігін айқындай отырып, түрлі ұлттардың қазақ халқына деген алғысын, бүгінгі заман ұрпақтарының ата-бабаларына деген құрметін білдіреді. Мұндағы глобуста Қазақстанның картасы бейнеленген. Бұл бөлігі мемлекетіміздің даму идеясының беріктігін білдіреді. Іргетастың үстіңгі жағында орналасқан жеті секторда рельефті бейнелермен ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы туралы қосымша ақпарат көрсетілген. Тұғыр басына қыран құс қонақтаған. Жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен салынған стелланың биіктігі - 33 метр.


Бөлісу