«Көкжар» жәрмеңкесінің сауда қатарлары.

Ойыл ауылында Ұлы Жібек жолы заманындағы сауданы, көпестер тұрмысы мен тарихты еске салатын сәулет – ерекше орын «Көкжар» жәрмеңкесінің сауда қатарлары сақталып қалған. Кезінде бұл жерде орыс, өзбек, ағылшын, қытай, татар көпестері сауда жүргізген. Барлығы жеті сауда қатары болған болса, Кеңес билігі уакытында олардың екеуi бұзылған екен. Сауда орындарының жалпы ұзындығы 500 м кұраған. Ал сәулеттің ерекшелігі еш бекіту құралынсыз тек қызыл кірпіштен қаланғандығы болып табылады.



Бөлісу