Есет батыр Көкіұлы мемориалдық кешені

Тархан Есет Көкіұлының кесенесі мен қорымы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бестамақ ауылына орналасқан. Тама Есет кесенесі 1750 жылы салынған, уақыт озғасын жер болып кеткен. Екінші рет 1979 жылы жергілікті тұрғындар батырдың аруағына құрметтеп, биіктігі 1,7 м. ені 3 м, ұзындығы 5 м. етіп ақ  кірпіштен кесене  салған. Үшінші рет 1992 жылы Маңғыстау ұлутасы мен мәрмәр пайдаланып, қазақтың киіз үйі бейнесіндей көрнекті зәулім кесене орнатылды. Биіктігі 12 м құбыла бетке шығарылған  есіктің жоғары жағында найза ұстаған Есет батырдың  биіктігі 3 м бейнемүсіні салынған. Кешен 2013 жылы 27 желтоқсанда пайдалануға берілді. Мазардың авторы - сәулетші Т.Жонысбеков. Есет батыр кесенесі   тарихи ескерткіш  ретінде  тіркеліп, туристік  бағытқа енді, мемлекеттік бақылауға алынды. Ғимараттың ішіндегі мұражай бөлмесі, намаз оқитын бөлме,180 адамға арналған залы, 12 орындық VIP залы және 3 жазғы демалатын орын және ас үйі бар.




Бөлісу