Долинкадағы Қарлаг - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі

Долинкадағы Қарлаг - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейі


Қарағанды қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 38 шақырым жерде орналасқан. Қарлаг Басқармасы Долинка ауылында орналасып, ол үшін тұтқындардың еңбегі пайдаланылып, бағаналары бар екі қабатты әкімшілік ғимарат салынады. Лагерь таратылғаннан кейін ғимарат әр түрлі мақсаттарда пайдаланылған.

Қарағанды еңбекпен түзету лагері (қысқартылғанда – Қарлаг) 1931 жылы құрылды. Ол КСРО-дағы ең ірі лагерьлердің бірі болды. Оның территориясы бірнеше жүз шақырымға созылды. Карлагта аты әлемге әйгілі қоғам және мәдениет қайраткерлері “халық жаулары» ретінде мерзімін өтеген. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халық шаруашылық міндеттермен – Қарағанды көмір кенін игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды.

Долинка ауылындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау музейіҚарағанды еңбекпен түзету лагері аумағында құрылған. Музейдің негізгі мақсаты – Қарлаг ескерткіштерін кешенді зерттеу, жүйелеу, сақтау бо­лып табылады. Ондағы экспонаттар, бөлмелер лагерь құрылымының, тұтқындарды ұстау жағдайларының, олардың өмірі мен қызметінің шынайы көрінісін береді. Әсіресе, изолятор, карцер, зындан, азаптау камералары орналасқан орындар адамдардың ауыр сезімін тудырады. Мұражай экспонаттарының ішінде сынған шаңырақ композициясы – сол уақыттағы билік саясатының көптеген отбасылардың бақытты өмірін қалай бұзғандығын білдіреді.


















Бөлісу