Белсенді өмір салтын және спорттың артықшылықтарын бағалайтындар үшін қаланың сүйікті орны - «Батыс-2» ықшам ауданында орналасқан - «Денсаулық» саябағы. 1,4 гектар аумақта шағын воркаут - алаң, веложолақ және балалар алаңы бар. Саябақта жылан түріндегі ерекше ағаш орындықтар мен ғашықтарға арналған арнайы орындықтар бар. 2016 жылы саябақта 1500-ден астам ағаш және бұта көшеттері отырғызылып, олар көп ұзамай өсіп, демалушылар үшін салқын көлеңке орнына айналды.