Бауырына салу

Немерелерін ата-әжесі немесе жақын туыстары уақытша тәрбиелеуге алғанды "бауырына салу" деп атайды. Бауырына салғанымен, ата-аналарынан айырмайды. Асырап та алмайды. Бұл дәстүрдің мақсаты – жалғыз қалған ата-анасына ермек болсын деп, ал туыстарына көмек ретінде балаларын уақытша жібереді.

Бауырына салушылар тәлім-тәрбиесін беріп, қамқорлығын жасайды. Бала өскен соң, ата-анасына кетеді немесе сол шаңырақта қала береді. Қазақ халқында, әсіресе, бірінші немерелерін бауырына ұлдың әке-шешелері салады. Бірінші немере үлкендердікі деп есептеледі. Бірақ ата-анасы да қоса тәрбие береді.

Бөлісу