Ақтөбе облысы Ойыл ауданында, Ойыл мен Қуырдақты өзендері аралығында 34 346 гектар жер көлемінде 27 км ұзындықта, ені 12 км жетіп жатқан Барқынқұм құмдары орналасқан.
Барқын құмдары Ойыл ауданының оңтүстік батысында орналасқан. Құмдардың козғалысын тежеу үшін үнемі 1873, 1899, 1903, 1907, 1913 жылдары бұл жерде дақылды өсімдіктер мен ағаштар отырғызылған,бұл жердің өсімдік қабатының байлығы мен осы жерде орман шаруашылығының кұрылуы да осы жағдаймен түсіндіріледі.
Құмдар және кұмды топырақ кабатының өсімдік кабатында негізінен түрлі шөпті құмды селеу, тыпшақ, тырыс, еркек, шіңішке аяқ араласқан құмды селеу және қыртысты дақылды қоғамдастықтар көбірек.
Орташа кұрғақ даланың өсімдік қабаты селеу-тыпшақ. Тырыс-жусанды, тыпшақ-селеу коғамдастықтардан құрайды. Дақылдардан негізінен жүнді селеу немесе Лессинг селеуі көбірек. Шөптер кұрғақ дала түрлерінен кұралады.