Балбырауын кесенесі
Ақтоғай ауданы, Қарабұлақ ауылына қарасты, Қарасу бөлімшесінен оңттүстікте 6 шақырым және Нарманбет ақын кесенесінен солтүсткке қарай 2 шақырым жерде орналасқан.
Кесене бір-біріне іргелес орналасқан екі бөлмелі құрлыстан тұрады. Құрлыс нысаны күйдірілмеген қам кесектерден күмбезді етіп өрілген.
Жергілікті халық арасында кесененің Балбырауын есімді әйел адамға тиесілі екендігі айтылады.
Балбырауын – Арқа өңіріне атағы тараған Керней Бәкі ақынның қызы. ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басында басындағы қазақ әдебиетінің көрнекі өкілдерінің бірі, ақиық ақын, жыр керуенінің көш басшысы Нарманбет Орманбетұлының (1859-1918) анасы. Ол өзі ақын, әрі алысты болжай білетін көреген адам болған деседі. Жасында ауыл жігіттерімен қағытпа қалжың айтыстарға қатысып, әзіл-оспақты ұйқастарымен, суырып- салма өлеіңдерінмен жұртықа танылған. Балбырауын әженің нақты өмір сүрген жылдары белгісіз болғанымен ұзақ жасап, төңірегіне тәлім айтқан абзал жандардың бірі.
Қазіргі таңда кесененің құлаған бөліктері қалпына келтіріліп, қоршалған.