Баланы майлап сылау

Жаңа туылған баланы майлап сылаған кезде, өзіндік ырым жасап қауіп-қатерден аулақ болу үшін тілек тілейді.

Қазақтың байырғы балалар туралы айтылған салттық жырларында «баланы майлап сылағанда» деген өлеңінде:

Тәу, тәу, тәу,

Сыламақ менен,

Қатып қалмақ сенен.

Менің қолым емес,

Бибі Фатима, бибі Зухра қолы,

Ұмай ана, Қамбарлы ана қолы

Тастай қыл,

Темірдей қыл,

Сүттей ақ қыл,

Дерт үйге кірмесін,

Балаға тимесін, - деп айтылады.

Бөлісу