Асырап алу

Басқа халықтарда сияқты қазақ халқында да асырап алу салты бар. Нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар, ата-аналарымен және өзара ақылдасып, бала асырап алады. Құжаттарының барлығын заңды түрде жасайды. Өздері ат қойып, өз аты-жөндеріне жаздырады. Әсіресе, баласы жоқ ерлі-зайыптылар туыстарынан асырап алуға тырысады. Мұндай жағдайда баланың әке-шешесімен алдын-ала келіседі. Асырап алған ата-аналар балаға ерекше жауапкершілікпен қарайды. Жақсы тәрбие беруге, жағдайын жасауға тырысады.

Балалар үйінен асырап алған жас нәрестеге "асырап алдық" деп айтпай тәрбиелеген жөн. Егер басқа балалары бар болып тұрып, асырап алған күнде өз балаларынан кем көрмей, бөлмегені дұрыс.

Бөлісу