«Арай аквапарк» ойын-сауық кешені
Ашылған уақыты: 2014 жыл
«Арай аквапарк» ойын-сауық кешені «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Сауықтыру орнында 1000 адамға арналған аквопарк, 400 адамға арналған мейрамхана, 1500 адамға арналған ойын павильоны және басқа да қосымша қызмет көрсету нысандары бар. Заманауи талаптарға сай, сәулетіне сәні келіскен ғимараттың бір ерекшелігі қыстың қытымыр аязына қарамастан, қала халқына жаздың жаймашуақ жылулығы мен сұлулығын сезіндіреді.